ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР қазақ күресі федерациясының жылдық есеп беру конференциясы аясында баспасөз маслихаты болып өтті. Конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев қатысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман ШОРАЕВ 2013-2019 жылдар аралығындағы федерацияның жұмысы мен жалпы дамуы жайлы айтып өтті. Баяндамасы барысында ұлттық күрестің дамуындағы бірқатар ерекшеліктер, өзгерістер, әлемдік спорттағы қазақ күресінің орыны жайлы ойымен бөлісті.
Арман Төлегенұлы Федерацияны басқарған жылдарда "Қазақстан Барысы" жобасын ұлттық идеяға айналдырды. Қазақ күресінің балуандарын еліміздегі ең табысты спортшылар қатарына қосты.
Сондай-ақ, "Әлем Барысы", "Еуразия Барысы", "Жас Барыс", "Халық Барысы" жобалары арқылы қазақ күресі спортшыларының әлеуметтік лифтін қалыптастырды. Федерацияны "Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының" құрамына қосты.
Оның ішінде, тарихи қадамдардың бірі – қазақ күресін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізді. Халықаралық "Qazaq kuresi" федерациясының құрылуына негіз болды.
Федерацияның тізгінін ұстаған 6 жылда қазақ күресін ұлттық брендке айналдырды.
Өз сөзінің соңында Арман Шораев Федерацияның президенті болған жылдарда ұлттық күресті дамытуға бар білімі мен білігін жұмсағанын айта келе, алдағы уақытта тізгінді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Абаев Дәурен Әскербекұлына алатындығы хабарлады.
Аталған ұсынысқа сәйкес федерация мүшелері бірауыздан ұсынысты қолдап, Дәурен Абааевқа ұлттық күресті сеніп тапсыратындарын білдірді.
Сөз алған Дәурен Әскербекұлы ұлттық құндылықтарымыздың бастуында тұрған қазақ күресінің дамуы үшін аянбай еңбек ететінін, артылған сенімді ақтайтынын айтты.
Пікір қалдыру